Төрт атыраулықтан екі тапанша мен психотроптық дәрі-дәрмек тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Атырау облысының коменданты Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, төтенше жағдай кезінде қызмет атқарып жүрген полицейлер блок-бекеттен суық қару өткізбек болған көлік пен түрлі психотроптық дәрілер сатушыларды ұстады. 9 қаңтар күні Атырау қаласына кіреберіс тұстағы блок-бекеттен 10-ға жуық аңшы пышағын  өткізбек болған көлік анықталды.


Сондай-ақ, ПД-нің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы қала аумағында әсері жоғары психотропты дәрілерді өткізбек болған төрт тұрғынды ұстады. Оларды ұстау кезінде екі тапанша мен 736 таблетка, 236 ампула түріндегі психотропты дәрілер тәркіленді. Полиция тергеу амалдарын бастап кетті.

Атырау облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?