Алматыда қарақшылар тобы құрықталды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті мәлімдеді.
Аталған қылмыстық топтың 27-жастағы екі мүшесі де бұрын сотталған Түркістан облысының тумалары.
«Сот алды тергеу амалдары барысында белгілі болғандай күдікті азаматтар Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Индия елінің азаматын тонап, лото клубқа қарақшылық шабуыл жасаған. Екі жағдайда да олар травматикалық тапанша пайдаланған. Шетел ел азаматының ұялы телефонымен біраз сомадағы ақшасын тартып алса, лото клуб кассасынан 2 миллион теңге көлемінде қаржы ны қолды еткен. Қарақшылық шабуыл кезінде аталған мекеменің күзетшісі жараланған»,-деп мәлімдеді Алматы қаласы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Қуатбек Науатов.
Оның айтуынша, аталған ауыр қылмыстарды ашу үшін арнайы жедел тергеу тобы құрылып, нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктілерді Нұр-Сұлтан қаласында қолға түсірген.
«Кейінірек белгілі болғандай күдіктілер бұған дейін Алматы облысы, Қарасай ауданы аумағында орналасқан лото клубқа да шабуыл жасағандықтары анықталады. Қазіргі таңда, ұсталған екеудің өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда»,-деп атап көрсетті Қуатбек Науатов.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?