Қызылорда облысының коменданты облыс тұрғындарына үндеу жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ішкі істер органдары халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету жөнінде барлық қажетті жедел шараларды қабылдауда. Орын алған соңғы оқиғаларға байланысты 5-19 қаңтар аралығында елімізде төтенше жағдай режимі жарияланды. Төтенше жағдай кезінде негізгі шаралар мен шектеулер бекітілді. 23:00-ден 07:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді. Қызылорда облысының коменданті төтенше жағдай кезінде барлық азаматтарды енгізілген шектеу мен қоғамдық тәртіпті сақтауды сұрайды.

     – Облыс аумағында енгізілген шектеулерге байланысты сіздерді тек аса қажеттілік болған жағдайда ғана үйлеріңізден шығуларыңызды сұраймыз. Шыққан жағдайда – өздеріңізде жеке куәліктеріңіз болуы қажет. Алаңдатушылыққа бой алдырмай, қауіпсіздік шараларын сақтап, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауларыңызды  сұраймыз.

–        Облыс көлемінде жүріп тұру, оның ішінде көлік құралдары қозғалысының еркіндігіне шектеулер белгіленді;

–        Жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттар, оларды жеке тексеру, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеру қамтамасыз етіледі;

–        Облыс аумағына кіру, сондай-ақ одан шығу шектеледі.

–        Қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға тыйым салынады, дәрі-дәрмектің, есірткі заттардың, прекусорлардың, сондай-ақ этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің айналымына ерекше режимі белгіленді;

–        Бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады, – деді комендант Сұлтан Бектөре.

Осы шаралар аясында облыс көлемінде республикалық, облыстық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Облыс тұрғындарына негізгі шектеулер туралы үнпарақтар таратылып жатыр. Өткізіліп жатқан бұл шараға қоғам белсенділері, ішкі істер органдарының ардагерлері, еріктілер тобы ат салысуда.

Қызылорда облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?