Полицейлерге қолдау көрсетейік!
Біз көп сын тағатын, полицей көрсек жек көріп тұратын, сол «жаман» полицейлердің еңбегі ерен!
Халық бейбіт шеруге шығып, біздің бейбіт шеруімізді бүлдіргіштермен террористер ланкестік әрекеттерімен, халықтың алаңға шыққанын арқасында, адамдарға арандату әрекеттерін жасап, адамдардың ортасында сеніміне кіріп, жасырын түрде, жеке мүдделеріне пайдаланып бүлік шығарып, біздің отанымызды, қаламызды өртке орап, қиратып кететінін халық білген жоқ, рас!
Алайда осындай қаскөй, баскесерлердің ланкестік әрекеттерімен күресіп, өліммен бетпе-бет қызмет етіп жүрген, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің сарбаздары, қарулы күштеріміз, және полиция қызметкерлерінің арқасында, қарапайым халық аман қалды. Әрине қарулы күштеріміз және полиция қызметкерлері мен бірге қарапайым халыққа зиян келіп, жарақат алып, тіпті өмірден өткендер тіркелді, өкінішті.
Алайда полицейлер өздерін өмірлерін өлімге тігіп, халықтың амандығы мен тыныштығы үшін күрескенін көзімізбен көріп отырмыз. Тек түсініп, олардың орнына өзімізді қойып көргіміз келмейтіндер бар.
Әлеуметтік желілермен қоғам арасында әлгі күнге дейін полицейлерге теріс пікір қалыптасқан адамдар жоқ емес.
Бірақ біз, сын садағымен атып жатқан «жаман» полицейлер, үйіңізде ұрлық болса, адам өлтірсе, үйіңізге жаппай шабуыл жасалса, жол көлік оқиғасы орын алса, зорлау фактілерімен педофилдік әрекеттері орын алса, тағы да басқа қылмыстық құқық бұзушылықтармен қоғамдық тәртіп бұзылып жатса, сіз сол «жаман» полицейлерге жүгінесіз, неге?
Себебі осы «жаман» полицейлер, біз қарапайым халықтың тыныштығын, қоғамдық тәртіптерді 24 сағат бойы кезекпен қадағалап қорғап жүрген, біреуміздің ағамыз, біреулеріміздің баламыз, кейбіреулеріміздің әкеміз…
Осы жазған пікірге де сын садағын жаудырып қана қоймай, тіпті боқтау гранатасын лақтыратындар табылады. Айтқаннан аулақ, кеше бүгінде орын алып жатқан террористердің ланкестік әрекеттерімен бейбіт халыққа жаппай оқ атылып, өлтіріліп, әйелдерімізді зорлап, балаларымызды қырып жатса қайтер едік?
Оққа ұшып, аман қалған, әр түрлі дене жарақатын алған полицейлер, қызметтік көліктері өртке оранып жатса да, халықтың амандығын сақтау үшін, өздерінің еткен анттарын бұзбай жан таласып, террорлық әрекеттермен күресіп жатыр. Күн суық, далада қар, түтіннен көзім ашып кетті, немесе, ұйқым келді, қарным ашты- деп кетіп қалған жоқ.
Сондықтан, полицейлерде адам, олардыңда үйлерінде уайымдап күтіп отырған ата-анасы, балалары, отбасы бар екенін ескеріп, қол шапалақтап, марапаттамасаңызда, түсінікпен, мейрім көзіңізбен қарауыңызды сұранамын?
Бір полицей қылмыс жасап қойса, өз міндетін орындамаса, бүкіл Қазақ полицейіне лай жағуға болмайды. Себебі халқымыздың арасында педофилдер шығып жатыр, қылмыстық әрекеттерге барып, адам өлтіріп, ұрлық жасап, алаяқтық әрекеттерімен сан соқтырып кетіп жатқандары бар. Ол дегені, бүкіл халық қылмыскер, алаяқ, педофил деуге келмейді.
Қыс ауасында көшеде кезекшілік етіп, қоғамдық тәртіппен, халықтың қауіпсіздігін, сақтап тұрған полицейлермен әскерилерімізге алғыс айта білейік ағайын!
«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінің басшысы
Сардар Әбдіжақия

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?