Алматыда тонаушылардың тағы бір тобы ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.  Бейнежазба сілтемеде:

https://www.youtube.com/watch?v=P5ZptDXJqs4

Байтұрсынов көшесіндегі үйлердің бірінің жалдамалы пәтерінде қаланың Алмалы ауданының полиция қызметкерлері сегіз ер адамды ұстады, олардың алтауы Жамбыл облысының, тағы екеуі Талдықорған қаласының тұрғыны. Олардың ең үлкені 25 жаста, кішісі 19-да. Жалға алынған тұрғын үйден күдіктілер қылмыстық жолмен алған қала дүкендерінен ұрланған тұрмыстық, цифрлық, оргтехника мен әскери құралдар табылды. Сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде, бұл ер адамдар тобы — осыдан бірнеше күн бұрын Алматыда орын алған тәртіпсіздіктер мен тонауға белсенді қатысушылар екендігі анықталды. Күдіктілер қамауға алынды.

Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?