Президент Алматы қаласындағы жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына барды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында болды.Қасым-Жомарт Тоқаев Травматология бөліміндегі палаталарды аралап көріп, террорлық акті кезінде зардап шеккен азаматтармен әңгімелесті.

Президент жараланғандардың хал-жағдайларын сұрап, олардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, сондай-ақ дәрігерлермен сөйлесті. Күштік құрылымдардың зардап шеккен барлық қызметкеріне көмек көрсетіледі.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен азаматтардың бәріне дер кезінде жан-жақты медициналық көмек көрсетілген.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?