Түркістан облысының полицейлері Алматы қаласында тонау қылмысын жасаған күдіктіні блок бекетте ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

ҚР Президентінің Жарлығымен «Төтенше жағдай» енгізілуіне байланысты еліміздің аумақтарында блок бекеттер қойылған болатын. Яғни тексерулер кезінде полицейлер қылмыстардың алдын алып, жолын кесуде.

Мәселен келестік полицейлер Амангелді ауылына қойылған бақылап-өткізу бекетінде «Лада 21705» маркалы көліктен күдік келтіретін қолданысқа енбеген, жаңа техникалық құрылғыны тапты. Осылайша «Infinix» ұялы телефоны тәркіленіп алынды.

Белгілі болғандай, күдікке ілінген жүргізуші Алматы қаласында орын алған қақтығыс кезінде тұрмыстық техникалар сататын дүкеннің терезелері сынғанын пайдаланып, 05.01.2022 жылы сағат 18:00 шамасында теріс ойын іске асырған. Яғни қараусыз қалған дүкеннен ұялы телефонды алып, тонау қылмысын жасаған.

Аталған қылмыс ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігі «Тонау» бойынша тіркелді. Бүгінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі жүргізілуде. Күдікті Келес АПБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Автокөлік айыптұраққа қойылды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері кез келген қылмыс жазасыз қалмайтынын ескертеді. Сондықтан қандай да бір заңсыздыққа жол бермеңіз. Ұрлық түбі – қорлық екенін естен шығармаңыз!

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?