Ішкі істер органының ардагері блок бекетке келіп, полицейлерге қолдау білдірді. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ішкі істер саласына өмірінің 30 жылын арнаған Құдияр Ибраев, бүгін Түркістан қаласындағы «Ынтымақ» блок бекетіне келді. Ішкі істер саласының ардагері, еліміздің басына түскен қаралы күндері орын алған қақтығысқа байланысты күштік құрылымдарға қызметтері үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ қызмет бабында жинаған тәжірибесімен бөлісіп, ізін жалғастырушы жас полицейлерге, әскерилерге осындай қиын сәтте сабырлылық таныту керектігін баса айтты. Елдің амандығы, халықтың қауіпсіздігі жолында атқарып жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сын сағатта сынбай, қайта бар күш-жігерлерін жинап, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға барын салуды жеткізді. Зейнет жасындағы полиция полковнигі: «Полицей – елін сүйген нағыз қызметкер. Полицейлердің мәртебесін көтеру қажет. Олардың уақытпен санаспай, елдің амандығы үшін атқарған жұмысын бағалау керек.

Осы тұста айта кетсем, Түркістан халқына, полицейлеріне үлкен рақмет! Өйткені 2022 жылдың басында жан-жақта дүрбелең болып жатқанда, тыныштықты сақтаған осы өңір. Бұл тұрғыда полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков бастаған Түркістан облысы полиция департаменті жеке құрам қызметкерлерінің жедел әрекеті екені даусыз. Сондықтан еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!»-деп атап өтті.

2002 жылы ішкі істер саласында полиция полковнигі шенімен зейнеткерлікке шыққан ардагер, талай басшылық қызметтерді абыроймен атқарған. Бұны қызметтес жолдастары да растап, Құдияр Ибраевтың сауаттылығын, кәсіби шеберлік деңгейі өте жоғарылығын, адамгершілігінің айтудан жалықпайды. Өз кезегінде блок бекеттегі полицейлер, ардагердің қолдауына ризашылықтарын жеткізіп, ел сенімін ақтауда мінсіз қызмет атқаратындарын жеткізді.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?