Тәртіпсіздік кезінде Полиция департаментінен қару ұрлағандар ұсталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

 

Жамбыл облысының Сарысу ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері ведомствоаралық жедел-тергеу тобының қызметкерлерімен бірлесіп, арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жаңатас қаласының тұрғынын ұстады.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайы бойынша тінту жүргізу кезінде үйінен 3 дана автомат, 121 дана оқ-дәрі және 1 газдан қорғанатын құрал (противогаз) алынды.

Тергеу барысында аталған атыс қарулары мен оқ-дәрілердің жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің қоймасынан ұрланғандығы және осы қылмысқа тағы 2 тұлғаның қатыстылығы анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталып, сотпен бір күдіктіге қатысты «үй-қамақ» және екі күдіктіге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылды.

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?