Павлодарлық полицейлер көлікті басқару кезінде сал болып қалған автокөліктен жүргізушіні алып шықты. Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі  мәлімдеді.
Жүргізуші өз көлігінің жүргізіп келе жатып, өзін нашар сезінген. Егер полиция уақытында келмесе, бәрі сәтсіз аяқталуы мүмкін еді.
— Екібастұз қаласын патрульдеу кезінде полицейлер автокөліктердің бірінен «бірдене дұрыс болмай жатқанын» байқаған. М.Жүсіп – Торайғыров көшелерінің қиылысында көлік кенеттен тоқтап қалды. Машина басқа көліктердің қозғалысына кедергі келтіріп жатты. Полицейлер дереу автокөлікке қарай бет алды да, рөлде қарияның отырғанын көрді. Ер адам өзін жаман сезініп тұрғанын бірден байқадым. Жүргізуші сұрақтарға тек саусақтарын ғана қозғады, — деп еске алады Екібастұз қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының командирі Азамат Күркебаев.

Полиция қызметкерлері уақыт жоғалтпай оқиға орнына жедел медициналық көмек шақырды. Келген дәрігерлер ишемиялық инсульт диагнозын қойды.
Кейінірек ер адам өзін қатты нашар сезінгені белгілі болды — аяғы мен қолы ауырып, денесі жартылай қозғалмай қалды, басы қатты айналған.
— Қазір 63 жастағы ер адам ауруханада жатыр. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Дәрігер рұқсат бергенде, біз міндетті түрде ер адамға барамыз. Оған тезірек сауығып кетуін тілейміз, — деп атап өтті Азамат Күркебаев. Ер азаматтың туған-туыстары ұялы телефон арқылы павлодарлық полицейлерге алғыс айтып, қызметте сәттілік тіледі.
Өз кезегінде, Павлодар облысының полициясы жүргізушілерге, егер сіз көлікті басқару кезінде өзіңізді нашар сезінсеңіз, бірден тоқтау, су ішу, бетіңізді жуу қажет деп кеңес береді. Қажет болса, дәрі-дәрмектерді қабылдаңыз, егер жағдай жақсармаса, онда рөлге отырып, қозғалысты өз бетіңізше жалғастыруға қатаң тыйым салынады.
Павлодар облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?