Қазақстандық FocusED now стартабы Дубай көрме павильонында (БАӘ) 28-30 наурыз аралығында өтетін WEIF (World Entrepreneurs Investment Forum) жаһандық кәсіпкерлік инвестициялық форумына шақыруға ие болды. FocusED now WEIF форумында Қазақстанның ресми өкілдері ретінде қатысады. Іс-шараға қатысудан басқа, ұйымдастырушылар FocusED now командасының БАӘ-ге келуіне байланысты барлық шығындарын өтейді. FocusED now – ата-аналарға баланың үй тапсырмасын орындауға көмектесуге және студенттерді қашықтықтан оқытудың тартымды құралдарымен ынталандыруға бағытталған виртуалды сыныбы бар платформа.

WEIF 2022 кәсіпкерлердің жаһандық инвестициялық форумы COVID-19-дан кейін кәсіпкерлік, инновация және инвестиция арқылы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу тақырыбын ашуға бағытталған.

Форумның ұйымдастырушылары – Біріккен Ұлттар Ұйымының Индустриалды даму ұйымы (ЮНИДО), Араб мемлекеттері лигасы, Ислам ынтымақтастығы жастар форумы, Араб халықаралық кәсіпкерлік және инвестиция орталығы, Бахрейннің Сауда-өнеркәсіп палатасы.

Еске салайық, бүгінде FocusED now командасы Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы мектептерде пилоттық жобаларды сәтті іске асырып,беделді Jas Talents, Unicorn Pitches Kazakhstan және Тәуелсіздік ұрпақтары байқауларының финалисі болып табылады.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?