ҮМІТ ҮЗІЛДІ…
1- наурызда Жамбыл обл, Мерке ауданы, “Андас батыр” әскери заставадан ізі-қайым жоғалып кеткен қатардағы жауынгер Ұлықбек Бердешовтың денесі бүгін Қырғызстаннан табылды.
Сол маңдағы қойшы әскери киімдер тапқанын шекарашыларға хабарлаған. Киім ізімен барған туыстары жартастың ұшар басында ілініп тұрған Ұлықбектің денесін көрді.
Өте өкінішті…
Небәрі 18 жасар жігіт бір үйдің үлкені, бір үйдің үміті еді… Артында аңырап анасы, тау басында есеңгіреп ауру әкесі қалды. Қазалыдағы үйінде 2 інісі мен 2 қарындасы Ұлықбек ағам әскерден келеді деп күтіп отыр
Оқиғаның нақты қашан, неге болғанын арнайы әскери сот-сараптама анықтайды.
Туыстарының әскер басшысына айтары көп; көкейде сан сауал мен мың күдік.
Бұл тақырыпқа мен арнайы ораламын.
Ұлықбек жайлы парақшамда жазғалы барша қазақ амандығын тіледі, Алладан саулығын сұрады.
Оқырмандарым жауынгерді ораза айындағы тілек-дұғасына қосты.
Марқұмның ата-анасына, барша туыс-туғандарына қайғыра көңіл айтамын. Бақұл бол, Ұлықбек Айдарбекұлы
 Гульмира Абыкай

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?