Шардаралық тұрғын жоғалған ұлын тапқан полицейлерге алғыс айтты- деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысы Шардара  ауданының жергілікті тұрғыны 18 жасар ұлының үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағандығын айтып, Шардара АПБ-ға арызданды. Яғни өздіктерінен іздестіру жұмыстарынан еш нәтиже шықпаған соң, туыстары полицейлерден көмек сұраған.

Жасөспірімді  іздеуге Шардара АПБ-нің барлық тиісті полицейлері жұмылдырылды. Әр полицей өз аумағына қарасты үй-жайларды тексеріп, баланың баруы мүмкін деген орындарды шолып шықты. Осылайша тәртіп сақшылары  іздестіру шараларын  жоғары деңгейде жүзеге асырып, жас жігітті  170 шақырым жердегі қой ауылдан тапты. Белгілі болғандай, ол  анасымен ренжісіп қалған соң, өзінің ренішін осылай көрсетпекші болып,  аудан шетіндегі қойшылардың үйін паналаған. Өз кезегінде ұлының аман-есен табылғанына қуанған ана: «Хабарсыз кеткен ұлымды іздеуге кірістім. Алайда таба алмай полиция қызметкерлерінен көмек сұрадым. Олар менің баламды тез арада тауып берді. Полицейлерге үлкен рақметімді айтамын»,-деп алғысын жаудырды.

Түркістан облысы

(шартты сурет)

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?