Тараздық әйелдің мойнынан алтын алқа жұлып әкеткендер ұсталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі хабарлады, Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз  қызметіне сілтеме жасап.

Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына қала тұрғынынан мөлтекаудандардың бірінде белгісіз адамдардың құны 200 000 теңге болатын алтын алқасын мойнынан жұлып, белгісіз бағытқа қарай бой тасалағаны туралы хабарламасы түсті.

Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл облысының 23 және 21 жастағы тұрғындары анықталып, ұсталды. Олардың бұрын алаяқтық және ұрлық деректерімен сотты болғаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігімен (Тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Олардан айғақ зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?