Түркістан облысында ер адамды бопсалаған жас жігіт 3 жылға сотталды. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне 2022 жылдың ақпан айында жергілікті тұрғын хабарласып, өзін белгісіз біреу бопсалап, ұялы телефонын тартып алғанын жеткізді. Жәбірленушінің айтуынша, оның араласып жүрген қызы қонақ үйге шақырған. Содан екі жас бөлмеде болған кезде, бөгде ер адам кіріп келіп, менің сүйген қызыма зорлық көрсеттің, сотталып кеткің келмесе 1 апта ішінде 500 000 теңге әкел деп қорқытқан.
Онымен қоймай бейнетаспаға түсіріп, талап еткен қаражатты әкелмесең, таратып жіберемін деп, жеңіл дәрежелі дене жарақатын салып, ұрып-соққан. Сондай-ақ қолындағы «Samsung S9» маркалы ұялы телефонын тартып алып, ақша әкелгенде аласың деп бопсалаған. Аталған жайтты полицейлер бірден ҚР ҚК-нің 194-бабы «Қорқытып алу» бойынша тіркеуге алды.
Сарыағаштық тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылып, бірден іске кірісті. Жәбірленушінің жауабы бойынша күдіктінің жеке басын анықтап, оның аталған қонақ үйде екенін анықтады. Сезіктіні ұстап, полиция бөліміне жеткізді.
Аталған істі Сарыағаш АПБ-нің аға тергеушісі полиция майоры Тимур Момбеков жүргізіп, күдіктінің қылмыстық іс-әрекетін дәлелдеп шықты. Сонымен қатар жас жігіттің бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасап, 26.12.2019 жылы Қазығұрт аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 194-бабы «Қорқытып алу» бойынша 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасын алғаны белгілі болды. Яғни күдікті жазасын өтеп болмай жатып, қайта қылмыс жасаған. Полицейлер жинақталған іс құжаттарды айыптау актісімен сотқа жолдады. Нәтижесінде 23 жасар жас жігіт ҚР ҚК-нің 194-бабы «Қорқытып алу» бойынша кінәлі деп танылып, Сарыағаш аудандық сотының шешімімен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ішкі істер саласында 15 жылдан астам қызмет етіп, талай істің ақ-қарасын ажыратып жүрген тергеуші, тұрғындарға қандай да бір қылмыстың құрбаны не куәсі болғанда, тез арада құзырлы органдарға хабарлауға кеңес береді. Бұл өз кезегінде қылмыстың ізін суытпай ашуға мүмкіндік бермек.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?