Жамбылдық полицейлер Шу тұрғынынан 200 келіге жуық есірткі затын тәркіледі. Бұл туралы Жамбылд облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу ауданы Ақтөбе ауылынан 12 шақырым жердегі «Баусасық» құмды аймағында 43 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Тексеру барысында жалпы салмағы 194 келі «каннабис өсімдігі», 4 келі 800 гр «кептірілген марихуана» және 4 грамнан астам «каннабис шайыры» есірткі заты табылып, тәркіленді.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта ол Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?