38 жастағы Алматы тұрғыны есірткіні жарнамалағаны үшін ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті басшысы Қанат Таймерденов жариялады.
Алматының Түрксіб ауданында полиция қызметкерлері арнайы іс-шараны жүргізді.
«Щ.есімді азамат бұған дейін, дәлірек айтсақ 2008 жылы есірткі қылмысы үшін сотты болды және жазасын өтеді. Бүгін қаскөй қайтадан ескі ісін қолға алды, қылмыстық заңнаманы бұзды. Қазір ол — есірткіні онлайн сатып алуға болатын ресурстарға трафареттік жарнамаларды салатын «суретші». Күдікті бір аптадан астам уақыт бойы тыйым салынған «шығармашылықпен» жұмыс істегенін мойындады. Бұл туралы бізде басқа да мәліметтер бар. Ұсталған адамның айтуынша, ол бұған дейін Әуезов, Алатау және Жетісу аудандарында орналасқан ғимараттарға жазу жазған. Оған жұмыс істегені үшін электронды әмиян арқылы ақша төлеген», — дейді, Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сағындық Аяғанов.
Щ.есімді азаматты тексеру барысында бірнеше сайттардың мекенжайлары жазылған трафареттер мен бояулар табылды және тәркіленді. Оның іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 299-1 бабымен сараланған.
Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау — үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?