Қаһармандар арамызда: ЖҚАЖ жауынгері 14 жасар баланы судан құтқарып қалды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді.
Алматының Алмалы ауданында бір күн бұрын кешкі сегіз жарымда кәмелетке толмаған бала құтқарылды.

«14 жасар Роман достарымен бірге Есентай өзенінің жағалауында болған. Бала парапет арқылы арғы бетке өтпек болды, бірақ, өкінішке орай, сүрініп, суға құлап кетті. Бұл кезде осы аймақта құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жаяу жасақтың құрамында жедел қимылдау арнайы жасағының инспекторы Асқар Тортай мен учаскелік инспектор Руслан Қалиев кезекшілік атқарып жүрген. Суға батып бара жатқан баланы көрген аға лейтенант Тортай бірден суға секіріп, Романды шығарып алды. Абырой болғанда, қазір ұл балада барлығы жақсы. Ол ата-анасына тапсырылды», — деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.
«Көмек көрсеткені үшін полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз. Олар дәл уақытында сол жерде болды. Сол сәтте ұлымның жанынан табылды. Балада бәрі жақсы», — деп, алғысын білдірді Романның анасы.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?