Алматы полициясы бөтеннің катализаторларын ұрлаған қылмыстық топты құрықтады. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаментін басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді.
Ол 4 адамнан тұрады. Бұл — 1998, 1999 және 2000 жылы туған жастар. Қаскөйлердің соңғы «ісі» 5 маусымда Алматының Медеу ауданында тіркелген.
«Үйлердің бірінің ауласында күдіктілер «Тойота Прадо» автокөлігінен катализаторы бар глушительді толығымен шешіп алып, сол арқылы 500 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Сол күні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында біздің бөлімшенің және Түрксіб аудандық ПБ қызметкерлері күдіктілерді ұстады. Олардан бөлшектерді кесуге арналған арнайы құралдар да тәркіленді. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Ұсталған адамдар өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың қаланың Түрксіб, Бостандық, Әуезов аудандарында осыған ұқсас 9 эпизодты жасауға қатысы бар екеніндігі дәлелденді. «Тойота Прадо» көлігінің катализаторы тәркіленіп, қылмыстық іске қосылды», — деді, Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.
Спикердің айтуынша, ЖК бірінде қабылдаушы болып жұмыс істейтін сатып алушы да анықталды және ұсталды.
«Ол көліктердің катализаторларын бөлшектелген күйінде алғанын, содан кейін металдың құрамы мен құнын анықтайтын арнайы анализатор арқылы бағалау жүргізілгенін айтты. Содан кейін катализаторларды тапсырған адамға акт толтырылды. Құрамы одан әрі зауытқа сату үшін дайындалды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізілуде», — деді, Қ.Науатов.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?