Биыл Қазақстан полициясына – 30 жыл. Ел тәуелсіздігі жылдары бейбіт тұрғындардың тыныштығын күзетуде құзырлы сала қызметкерлерінің еңбегі ерен. Күндіз-түні өз кәсібіне адал полицейлердің қоғам тыныштығын сақтауда танытқан қырағылығы – кейде орны толмас өкінішке де әкеліп жатады.
Қалай дегенде де өз кәсібін сүйген полицейлер әр күні жеке құрам сапында түгел тұрып, қатарларының ортаймағанын қалайды.
Жауапкершілігі жоғары қызметтің жүгі де ауыр, әрине. Бейбіт күнде ел тыныштығын күзеткен батырлардың ерлігін құрметтеп, жастарға насихаттағанымыз абзал!

2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласында орын алған қайғылы оқиғаны ешкім ұмыта қойған жоқ. Қарашаның кешінде бейбіт тұрғындардың тыныштығын ойлаған полиция капитаны, ІІД Жол полициясы жеке батальоны 1-взводының командирі Ғазиз Байтасов қала тұрғындарына үрей туғызған террористі ұстау барысында ерлікпен қаза болды.

Бес қаруын асынған қылмыскер М. Кариевтің ізіне түскен жол полициясының арнайы автокөлігін Жамбыл облысы ІІД ЖПЖБ 1-взвод командирі полиция капитаны Ғазиз Әбдібекұлы басқарған болатын. Қазыбек би көшесіндегі Орталық гастроном жанында қылмыскер тоқтап, арнайы автокөлікті және оны қоршаған адамдарға, көліктерге, витриналарға оқ жаудырады. Ғ. Байтасов көлігін тоқтатып, сыртқа жүгіріп шығып, қарсы оқ атады. Сөйтіп, взвод командирі лаңкестің ізіне түседі. М. Кариев «Джип» көлігінің артынан айналып, Ғазиздің кеудесін атқан, алайда полицей де оны атып үлгереді. Ғазиз ауыр жарақатына қарамастан, қылмыскердегі гранатаны көріп, азаматтық тұлғаларға төнген қауіпті сезіп, өз өмірін аямай, Кариев жаққа қарай ұмтыла түседі. Қылмыскерді жерге құлатқан сәтте оның қолындағы граната жарылады…

Полиция капитаны Ғазиз Байтасовқа қаза болғаннан кейін ҚР Президентінің Жарлығымен «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Жамбылдық полицейдің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Оның үстіне әріптестері жыл сайын батырдың қайтыс болған және туған күндерінде жастарға өнеге болатын іс-шаралар ұйымдастырып тұрады.

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?