Бүгін Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ақтау қаласындағы жоғары және кәсіптік — техникалық оқу орындары студенттерінің өзін – өзі басқару ұйымына мүше жастарға арналған ақпараттық шарасы басталды. Ақпаратттық шара 18 ақпаннан бастап, 28 ақпанға дейінге созылмақ.

Аталған шарада қаламыздың белсенді студенттеріне Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының жүзеге асырып жатқан жобалары таныстырылып, жастарға арналған «Арман» коворкинг орталығының жұмысы мен өңірімізде «жастар жылында» өтетін іс – шаралар мен жастарға арналған бағдарламалар туралы ақпарат берілді.

Бүгінгі Қазақстан теңіз университеті, Каспий өңірі «Болашақ», Ақтау көлік колледжі, Маңғыстау энергетикалық колледжі, Маңғыстау политехникалық колледжі, «Қайнар» колледжінің студенттері қатысқан шарада қатысушылардың ұсыныс – тілектері тыңдалып, ортақ атқарылатын жұмыстар пысықталды.

Аталған ақпараттық шарада Ақтау қаласының барлық жоғары және кәсіптік — техникалық оқу ордасы қамтылмақ.

Маңғыстау жастары

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?