Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы, өзінің 2022- жылдың 16 наурызындағы өзінің халыққа жолдауында    бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту туралы тоқталған болатын.

Біздің Республикалық «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінің ұжымы, жолдауды қолдап, БАҚ туралы заңмен, ақпаратты дұрыс тарату мақсатында «Жалған ақпараттар туралы» атты жиын өткізді. Жиналыс Қызылорда облысы бойынша агенттік өкілдерінен бастама алды.

«Бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек. Бұл қағидат қазір кез-келген өркениетті ел үшін айрықша маңызды. Отандық ақпарат құралдарының Қазақстанда, өңірде және әлемде болып жатқан үдерістер туралы өз көзқарасы болуға тиіс

Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі, тіпті идеологиялық дербестігі осыған тікелей байланысты. Мемлекет ашық ақпараттық кеңістік пен сұранысқа ие әрі пәрменді ақпарат құралдарын құруға айрықша назар аударады. Бұқаралық ақпарат құралдары билік пен халықтың арасындағы тиімді байланыс арнасы бола отырып, елдегі қордаланған мәселелерді көтере алады және көтеруге міндетті. Бірақ, мұны жоғары азаматтық жауапкершілікпен жасау керек.

Біздің қоғамымызды ыдырату үшін сырттан берілетін тапсырыстармен жұмыс істеуге немесе көлеңкелі қаламақы үшін саяси кландардың астыртын тартысына қатысуға болмайды»- деген еді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Өткізілген жиын барысында бірінші кезекте ақпаратты оперативті және жан-жақты анықтап алып, екі тараптың жауабын алған соң тиесілі мекемелерден ресми мәлімдемеге көз жеткізілгеннен соң оны жариялау туралы қайта ескерілді.

Қазіргі таңда блогерлердің көбейіп кеткені және бейресми, немесе жасанды жалған көрінеу ақпараттардың көбейіп кеткені, жалған ақпаратты таратқан адам ҚР ҚК-нің 274- бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын бір қатар ескертулер жасап,  Қызылордада өткізілген жиын барысында агенттік басшысы Сардар Әбдіжақия осы мәселеге тереңінен тоқталып өтті.

Ал агенттік өкілі Айгүл Баймұрзаева:

— Бізді блогерлермен көп шатастырып алатыны бар және  қазіргі таңда алаяқтың компаниялармен мәселелерді шешіп беремін — деп адамдарды алдап, сан соқтырып жатқан адамдардың көбейгені туралы дабыл қақты.

Журналисттер өз еліне және азаматтарына шынайы жанашыр болуға тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары бекерден бекер «төртінші билік» атанбаса керек. Сол себепті сіздер жұрттың санасы мен сезіміне ықпал ету мәселесіне мұқият қарағандарыңыз жөн- деп Президентіміз өзінің халыққа жолдауында бұл жағдайға аса зор мән беріп өткен болатын.

Жалпы жиын барысында журналисттердің өз құқықтарымен жалған ақпаратты таратуда, аса сақ болуы туралы сөз қозғалды.

Тәуелсіз әрі жауапкершілігі жоғары бұқаралық ақпарат құралдары болмаса, қоғамды одан әрі демократияландыру мүмкін емес екеніне сенімдімін. Сондықтан мемлекеттің мүддесін, қоғамның сұранысын және медиасаланың даму үрдісін ескере отырып, БАҚ туралы заңды қайта қарау керек- деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев

Ия, президенттің жолдауын әрине қолдауымыз керек және ақпарат саласында әр ақпаратты анықтап, зерделеп, шын ақпарат таратуымыз керек. Журналисттің БАҚ туралы заңда өз құқықтары көрсетілген және мемлекеттік құпиялар мен жеке тұлғалардың рұқсатсыз мәліметтерін жариялауға рұқсат етілмейді. Мемлекетімізде цензура жоқ және оған жол берілмейді дегенмен цензураға жол беретін мекемелер баршылық. Журналисттердің ақпаратты алуда кедергі келтіретін жағдайларда жоқ емес. Дегенмен Біз бір қате жазылған ақпаратымызбен мемлекетімізбен халқымызға үлкен зиян келтіруіміз әбден мүмкін. Сондықтан ақпарат тарататын сәтте көз жеткізіп, көрнеу ақпараттың құрбанына айналып, қылмыстық жауапкершілікке тартылмауға баршаңызды шақырамын- деп өз сөзін аяқтады Сардар Әбдіжақия 

Қызылорда облысы

 

 

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?