Шымкент қаласы ПД-нің бастығы генерал Қайрат Дәлбеков 9 жасар баланың арманын орындады. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сарыағаштан арнайы келген Әсет ес білгелі формалы полицей болуды армандайды. Ол генерал Қайрат Дәлбековті Түркістан облысында басшылық еткеннен бері біледі екен. Сол сәтте арманын айтуға жасқанған бүлдіршін, соңғы кездері ата-анасынан генералмен кездестіруді жиі өтініпті.
Бес қыздың ішіндегі жалғыз ұлының батылдығы мен ынтасына риза болған анасы Қ.Дәлбековтің әлеуметтік желідегі парақшасына хат жолдап, баласының арманын жеткізген.
— « Балам, Қайрат Сұлтанбайұлының жеке парақшасындағы жазбаларын үнемі бақылап отырады. Ол кісіні өзіне үлгі тұтады. Жүрек түкпірінде бір күні генералмен жүздесіп, қолын алсам деген арманы болатын. Ата-ана ретінде перзентімнің жарқын болашағы мен армандарының орындалуы үшін қолымнан келгенін жасау менің парызым. Сондықтан, іштей батылым жетпесе де тәуекелге барып, департамент бастығына хат жаздым. Ол кісі өз қабылдауына шақырғанда қуанышымда шек болмады.» — дейді, анасы Дилфуза Мауленова.
Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем береді демекші, Қайрат Сұлтанбайұлы кішкентай Әсетті құрметпен қарсы алды. Өзін Сарыағаш ауданының, 3 сынып оқушысы ретінде таныстырған балақай болашақта еліне қорған полицей болуды армандайтынын жеткізді. Әсеттің бойындағы талабы мен көзіндегі нұрды байқаған генерал оған ағалық ақыл-кеңесін берді.
-« Болашақта мықты полицей болу үшін, сабақты өте жақсы оқу керек. Спортпен шұғылданып, өзіңді үнемі дамытып отыр. Жақсы адамдармен дос болып, уақытыңды смартфонда өткізуден аулақ бол. Ата-анаңның ақыл кеңесін көп тыңда. Ешкімнің ала жібін аттамай, шыншыл болсаң ғана аңсаған арманыңа жетесің. Сен болашағынан үлкен үміт күттіретін жастардың бірісің. Сондықтан жолың әрдайым ашық, қадамың оң болсын!» — деді Қ.Дәлбеков.
Сондай-ақ, Әсеттің арманына жетіп, еліне адал қызмет етуі үшін естелікке фуражка сыйға тартты.
Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?