Шу ауданында 10 келіден астам есірткіні мотоциклмен алып шықпақ болғандар ұсталды. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Республикалық «Қарасора-2022» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары кезінде «Шу-Меркі» тасжолының аумағында Шу және Мойынқұм аудандарының тұрғындары бар екі мотоцикл көлігі тоқтатылды.

Ұсталғандардан жалпы салмағы 10 келі 600 грамм болатын екі қап «кептірілген марихуана» есірткі заты анықталып, тәркіленді.

Күдіктілер өз кіналарын мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі көлемдегі есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бапқа сәйкес 3 жылдан 7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?