Таразда 47 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденген әйел ұсталды. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тараз қаласының Полиция басқармасына Жамбыл облысының тұрғындарынан алаяқтық жолмен алдап, қомақты сомада ақшаларын жымқырған белгісіз азаматшаға қатысты арыз түскен.

Тараз қаласы Полиция басқармасының жедел-тергеу тобымен 34 жастағы азаматша анықталды. Ол қала тұрғындарына төмен пайызбен несие шығарған, алайда ақшаны өзіне иемденген. Алған несие сомалары 500 мыңнан бастап 5 миллион теңге көлемінде болған.

Жалпы келтірілген шығын көлемі 47 миллион 80 мың теңгені құрайды.

Күдікті әйел өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен (алаяқтық) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Құрметті қала тұрғындары, алаяқтардың арбауына түспес үшін сақ болыңыздар.

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?