«Питбультерьер» тұқымды ит адамдарға қауіпті болған. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
2022 жылдың 8 шілдесінде сағат 13:50-де «102» тетігіне Тараз қаласындағы дәріханаға қарама-қарсы бетте екі белгісіз ер адам спирттік ішімдіктер ішіп отырғаны, ал олардың жанында тұмылдырықсыз төбелесетін иттің бар екендігі туралы хабарлама түсті.
Шақыру орнына келген полиция қызметкерлері 1979 және 1986 жылы туған жергілікті екі тұрғынды анықтады, оларға өтіп бара жатқан адамдар шағымданған.
43 жастағы ер адам «Питбультерьер» тұқымды итін тыныштандыру және оған тұмылдырық кигізу туралы полиция қызметкерінің талабына жауап бермеді. Ит босанып шығып, айналада жүрген адамдарға қауіпті болды.

Қайғылы оқиға орын алмауы үшін Тараз қаласының Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының инспекторы табельдік қарудан оқ атқан.
Зардап шеккендер жоқ. Ит тірі және иесінің әйеліне қайтарылды.
Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?