Білім беру саласындағы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі ҚМА Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті тергеуде. Бұл туралы ҚР Мониторинг агенттігі мәлімдеді.
Департамент қызметкерлері «Жас маман» жобасы шеңберінде бөлінген 171 млн.теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Жобаның мақсаты колледждер мен жоғары оқу орындарын неғұрлым сұранысқа ие 100 кәсіп бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде бірқатар жедел-тергеу іс-шаралары, оның ішінде тиісті сараптамалар жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданатын болады.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?