Көкшетау полицейлері қылмыстық істі жабуға уәде бергені үшін 50 мың доллар алды деген күдікке ілінді-деп мәлімдеді Арман Тлеукенов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Көкшетау қаласы полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты басқа органның іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істі тоқтатқаны үшін кәсіпкерден 50 мың АҚШ доллары сомасында ақша қаражатын алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

А.ж. 8 шілдесінде жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде Көкшетау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары ұсталды. А.ж. 9 шілдесінде Көкшетау қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?