21- қаңтар күні мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында, ең алдымен, Рудныйдағы жылу құбырындағы жарылыс салдарымен танысып, өңір басшылығының қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндамасын тыңдады.
– Жалпы, еліміз бойынша да, осы облыста да жылу құбырлары апатты жағдайда тұр. Жағдай өте ауыр. Үкіметке бүгіннен бастап, әсіресе көктем және жаз айларында қысқы жылыту маусымына мұқият дайындалуды тапсырамын. Бұл – атқаратын басты міндет, себебі мұны созбалаңға салуға болмайды. Желілердің тозу деңгейі өте жоғары, 70, 80, кейбір жерлерде тіпті 90 пайызға дейін жетеді. Осы жұмыстармен айналысу қажет, – деді Президент.

Мемлекет басшысы қала тұрғындарымен кездесу барысында азаматтардың өміріне қауіп төндіруге болмайтынын мәлімдеді. Қостанай облысы мен қала әкімдіктері Рудныйдағы жағдайды жедел қалпына келтіруге тиіс.
– Құбырдың жарылғаны туралы хабарды тексеру үшін арнайы келдім. Жаңа ғана Үкіметке, облыс пен қала әкімдеріне осы мәселемен айналысуды тапсырдым, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Үкіметке Рудныйдың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырғанын атап өтті.
Мемлекет басшысы жылу құбырының жарылуы салдарынан зардап шеккен Рудный қаласының тұрғындарымен кездесіп, қалыптасқан жағдайды талқылады

Мемлекет басшысы тұрғын үйлерге жылудың қайта берілгенін өз көзімен көру үшін Рудный тұрғындарының бірінің шақыруымен оның пәтеріне барды. Қала тұрғыны Олеся Геря жылу беру жұмысын жедел атқарғаны үшін барлық қызметкерге алғысын айтты.

Қостанай облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *