Наиль Ахметзакиров – Сот әкімшілігінің басшысы. Бұл туралы ҚР Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ержан Жиенбаев жаңадан құрылған Сот әкімшілігіне Мемлекет басшысының өкімімен тағайындалған оның басшысы Наиль Ахметзакировті таныстырды. Н.Ахметзакировтің құқық саласындағы көпжылғы практикалық тәжірибесі, прокуратура органдарындағы, Президент Әкімшілігі мен сот жүйесіндегі басшылық қызметі аталып өтілді.
Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев Н.Ахметзакировтің өзіне жүктелген барлық міндеттерді абыроймен атқаратындығына сенім білдірді.
Бұған дейін Н.Ахметзакиров Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментін басқарды.
2022 жылдың 30 желтоқсанында Мемлекет басшысының Жарғысымен жаңа орталық мемлекеттік орган – Сот әкімшілігі құрылды. Сот әкімшілігінің мәртебесі оған орталық органдармен тең дәрежеде өзара іс-қимыл орнатуға, соттар қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық сүйемелдеу бойынша жауап беруге мүмкіндік береді.
Мұндай өзгеріс соттардың тәуелсіздігін одан әрі күшейтуге және соттарға сенімді арттыруға ықпал етеді.
Астана қаласы
![]()
