Қостанай тұрғыны М.-ға дәрменсіз күйде тұрған екі адамды өлтірді деген айып тағылып бүгін сот үкім оқыды. Бұл туралы Қостанай облысы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
2022 жылдың 10 қазанында сотталушы жұбайымен және оның әріптесі Б.-мен алкогольдік ішімдік ішу барысында олардың арасында жанжал туындап, кейін барлығы демалуға ұйқыға жатады. Таңертең сотталушы масаң күйінде, алдыңғы түнде болған жанжалдан кейін жұбайына және оның әріптесіне қастандық танытып, керуетте ұйықтап жатқан әйелдерге ас үй пышағымен бірнеше рет соққы жасайды. Пышақ жарақаттарынан екі әйел де сол жерде қайтыс болды.
Сот қылмыстық жауаптылық пен сотталушының жазасын жеңілдететін мән-жайларды оның жасаған ісіне шын жүректен өкінуін ескерді. Ауырлататын мән-жайлар-мас күйінде қылмыс жасау және қылмыстардың қауіпті қайталануын ескере отырып, ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі мен айыпты деп таныды
Сот талқылауы барысында анықталған мән-жайларды ескере отырып, сот оған ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.
Жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары сот тарапынан толық көлемде қанағаттандырылып, сотталушыдан материалдық және моральдық залал реніде 20 млн.теңгеден астам ақшалай қаражат өндірілді.
Қостанай облысы
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
![]()
