Бүгін интернетте А.Жұмагелдиевке қатысты қылмыстық істің жабық режимге ауыстырылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлаймыз- деп хабарлады «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қалалық соттың мәліметінше, кейбір адвокаттар мен жәбірленушілердің істі жабық сот отырысында қарау туралы өтініші бойынша шешім қабылданған жоқ және ол алдын ала сот отырысында талқылануда.
БАҚ өкілдерінің мұндай жалған ақпаратына жол беруге болмайды. Шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз. Ресми ақпарат көзіне сүйенуіңізді сұраймыз, деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Алматы қаласы
![]()
