Мемлекеттік қызметті туыстарымызбен бірге басып бірге жұмыс жасасақ, қарапайым халыққа не қалады деген ой туындады.
Түркістан облысының әкімі ДАРХАН АМАНГЕЛДІҰЛЫНЫҢ НАЗАРЫНА! Түлкібас ауданына жаңадан тағайындалған әкім жұмыс жасауға келді ме? Әлде қасына дос, құда жекжаттарын жинауға келді ма?
Құрметті Дархан Сатыбалдиев мырза!Біздің Түлкібас ауданына жаңадан әкім тағайындалғалы «кадр бизнесі» басталып кеткен секілді…Олай деуіме себеп, Нұржан Істілеуов мырза әкім болып тағайындалғалы, Байтуғанов Фархатты әкімшілік апарат басшысы, әкімшілік ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы Қайрат деген азаматты ,Аудандық әкімінің көмекшісі Нұржан деген азаматты,жан досы (бизнес серіктес)Ақбиік а.о әкімі Нуриддин Ештаевті ЖКХ бөлім басшынна, оның орынбасарына құдасының баласын Түлкібас кентінің әкімі Бауыржан Жартыбаевты дайындап жатыр деп халық шулап жүр. (Құдасы Келесбек Жартыбаевқа әкім болып келе салып мусор бағасын екі есе көтеруге ықпал жасағанын бүкіл халық жақсы біледі) Халық жазды,барды, айтты,шырылдады бірақ әкім басқа медігерге бермеді.Халықтан өз құдасы жақын болып тұрғаны сөзсіз әрине.Мемлекеттік қызметкерлер конкурстарында басқада бөлім басшыларына, сектор меңгерушілеріне жарияланып тұр.Түлкібас ауданы тұрғындары осы күнге дейін халыққа қалытқысыз қызмет жасап келген бұл мамандардың өз еркімен жұмыстан кетті дегеніне нанайын десе де, көңілдеріне ұялаған күдік нандырғысы келмей отыр.Түлкібас ауданындағы осы күнге дейін атқарылған жұмыстарда жоғарыда аталған мем қызметкерлердің орасан зор үлесі бар.Түлкібас ауданының облыс бойынша әр саладағы көрсеткіші мен жетістіктері өзге аудандардан оқ бойы озып тұрған озат аудандардың қатарында еді.Сол дәрежеге жету жолында тер төгіп еңбек етіп жүрген бірталай кадрлардың бастарына қара бұлт үйірілгелі тұрған секілді..Аужанымызда Т Рысқұлов ауылда полигонның өртеніп жатқанына 4ші күн. Көп қабатты уйлер далага шыға алмай, терезелерін аша алмай қиналуда, айтуларынша от түнде күшейеді.Пысқырып қарап жатқан әкімдік жоқ. Жаңа және ескі көп қабатты уйлер жақтың бәрі бей берекет жатқан қоқыстар. Нұржан Істілеуов мырза құдаларын түгендеп жүргенде ауданымыз қоқыс алаңына айналып кетпеседе деп қорқамын.Президентіміздің:—Ұйымдасқан командалық жүйеге мемлекеттік қызметте орын жоқ,-деген сөзі бар емес пе?Сонда, сол сөзді Нұржан Істілеуов мырза білмейді ме?Қызметкерлердің көпшілігін жұмыстан босатып, өз командасын жинамақ па? Олай болмаған жағдайда не үшін тағайындаулар көп?
Құрметті Дархан Амангелдіұлы біздің осы сұрақтарымызға толықтай зерделеу жұмыстарын жүргізіп ресми жауап беруіңізді талап етеміз!- деп Мирас Мирас парақшасынан ақпарат тараған.

Ал Түлкібас ауданы ақиқатты растады ма әйтеуір тұшымды жауап беріп жазыпты. Аудан әуімдігінің ішкі саясат бөлімі тарапынан:
Құрметті Мирас ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларынасәйкес меритократия қағидаты негізінде аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы Ф.Байтуганов аудан әкімі аппаратының басшысы лауазымына, аудан әкімінің көмекшісі К.Мухатов ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы лауазымына, Ақбиік ауылдық округінің әкімі Н.Ештаев тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалған.Түлкібас ауданының әкімі лауазымына Н.Изтилеуов тағайындалған уақытқа дейін жоғарыда көрсетілген азаматтар мемлекеттік қызметте қызмет атқарып жүрген-деп ақпарат қалдырыпты.
Демек команда жинау және өз туыстары мен бірге мемлекеттік қызметте жұмыс жасау, болашақтағы Қазақстанның қалған тең жарты байлығында үш жүз шақты адамның қолына тапсыруымыз әбден мүмкін.
1- қыркүйектегі мемлекет басшысы 8 млн Гажер телімін мемлекетке қайтарылғанын айтқанда, қалайша 8 млн Га жер адамдарға өтіп кеткен егер мемлекетке қайтарылса деп ойлаған едім…
(жалғасы бар)
Сардар Әбдіжақия
Түркістан облысы
![]()

