Сот сараптамалары орталығының берген қорытындысы жаға ұстатты.
Судья жекеше қаулы шығарып берген егер оны да «құзыретіне кірмейтін», жағдайлармен «жалған көрсеткіш, құжаттар» жасап жауаптар арқылы жауып тастамаса әрине.
Рамазан айында ораза ұстап жүрген жігіт жол көлік оқиғасынан қайтыс болады. Марқұм анасының айтуынша Сауран аудандық полиция қызметкерінің салдарынан яғни жол ережесін бұзғаны себеп болған екен. Алайда бұл сұм ажал А есімді жігіттің өмірден озғаны аздай бақилық болған бала сотта айыпты деп танылыпты. Ал жол ережесін бұзған полиция қызметкерінен қашамын деп жол ережесін бұзған жігіт талға барып соғылып, ауруханаға жеткенде жаны үзілген екен. Ал жол ережесін бұзған полицейге ескерту беріп, айыппұлмен шектелген көрінеді, жұмысын жалғастырып қызметте жүр дейді марқұмның анасы.

Қызығы, Түркістан облысының анықтаушысы Алау Алғабай ҚПК-нің 35 бабы 1 бөлігі 2 тармашасын бұзғаны үшін, және істі сотқа жеткізген Сауран ауданының прокуроры Ғ. Құдайқұлдың қаулысымен заң бұзушылыққа жол берілгені байланысты, және сот сараптамалар орталығына судья ағымдағы жылдың 24 тамызы күні жекеше қаулы шығарған. Айта кету керек, Түркістан облысы от сараптамалары институтының сарапшысы У. Аметов 2022 жылы 25 мамырдағы №1422 санды сот медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, химия-таксикология зерттеу кезінде А. И.-нің мәйіті қан құрамынан қанықтығы 0,66 пайыз (промилле) этил спирті табылғаны, бұл көрсеткіш әдетте тірі кісілерге теңестірілгенде ЖЕҢІЛ дәрежелі алкогольдік масаңдыққа жатады-деп көрсеткен.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптамалары орталығы Шымкент қаласы бойынша сот сараптамалары институтының сарапшысы М.А. Абдиев 2022 жылы 20 мауысымдағы №5693/193 санды сот химия-токсикологиялық қорытындысына сәйкес, А.И. мәйіті қан құрамынан қанқтығы 0,53 пайыз (промилле) этил спирті табылғаны, қандағы этил спиртінің осы концентрациясының адам ағзасына әсері, сондай-ақ мас болу мәселесі химия- токсикологиялық зерттеу жөніндегі сарапшының құзыретіне кірмейді-деп көрсетілген.

Аталған жекеше қаулы және марқұмның анасының берген мәліметтеріне сүйенсек, судья мен адамдар құдайдай сенетін сот сараптама қорытындысына сенім азаятын сияқты. Енді Түркістан облысы прокурорының бақылауындағы іс,  заң аясында процессуадық шешім қабылданып, оң бағасы беріледі деген ниеттеміз.

Сардар Әбдіжақия
Түркістан облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *