Терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздырған азаматқа үкім шықты. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Қостанай қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.
Қостанай облысының Б.Майлин атындағы аудандық соты оны аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға жазалады.
Сотталған діни-экстремистік сипаттағы бейне роликтерді, терактілердің және кепілге алынған адамдарды өлімге кесу көрінісін, сондай-ақ халықаралық террористік ұйымдардың символикасын интернеттің әлеуметтік желілерінде жариялаған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді.
2023 жылғы 20 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді.
ҰҚК баспасөз қызметі

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *