Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 317-бабының 2-бөлігімен айыпталған К.-ға қатысты қылмыстық істі қарап, судья Білтебай Алтын Жүзжасарқызы, сотталушы К.- ны кінәсіз деп танып, оның әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтады.

Айыптау органы тарапынан сотталушы К., жеке клиникада дәрігер дерматовенеролог болып қызмет атқарып жүріп, 2021 жылдың 24-26 сәуірі аралығында медициналық қызметкер ретінде кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы, міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан абайсызда жәбірленуші К.-ның денсаулығына ауыр зиян келтірген деген айып таққан екен.

Сот талқылауында Іс бойынша бірнеше рет жүргізілген сот-медициналық сараптама қорытындыларымен қолайсыз нәтиже мен медициналық көмекті ақаулы көрсету арасында тікелей себептік байланыс анықталмаған.
Сонымен қатар, сотта жәбірленуші К. амбулаторлық жағдайда 3 күн сотталушы К.-ның тағайындаған емді алғаннан кейін, басқа дәрігерді тағайындаған және Шымкент қаласының 2 ауруханасында жатып ем алғаны, осы кезеңде де медициналық көмек көрсетуде ақаулықтарға жол берілгені белгілі болған

«Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының» 392-тармағына сай, медициналық көмекті ақаулы көрсетумен байланысты, денсаулыққа зияндылықты жіктеу кезінде жіберілген ақаулықтар мен қолайсыз нәтиже арасындағы себеп-салдарды анықтау қажет. Медициналық көмекті тиісінше жасамау салдарынан денсаулыққа зиянды бағалауды тек қолайсыз нәтиже мен медициналық көмекті ақаулы көрсету арасында тікелей себептік байланыс болған кезде ғана жүргізу керек.
Сарапшылармен қолайсыз нәтиже мен сотталушы К. көрсеткен медициналық көмектегі ақаулар арасында тікелей себептік байланыс болмаса да, жәбірленуші К.-ның денсаулығына келтірілген зиян анықталған- деді  сот барысында судья Алтын Жүзжасарқызы

Ақталған К.-дан қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз əрекеттерінің салдарынан келтірілген зиянды өтеткізу құқығы танылған. Енді ақталған  К. қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз əрекеттерінің салдарынан өзіне  келтірілген зиянды өндіре алады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сардар Әбдіжақия
Шымкент қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *