Екі журналист бопсалау ісі бойынша сотталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады, Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.
Адамдар тобында алдын ала келісім бойынша аса ірі мөлшерде бірнеше мәрте бопсалау ісін жүзеге асырды деп В. және Н.-ға айып тағылған.
Айыпкер В. бопсалау мақсатында бірнеше рет Ф. басшылық ететін «Б» ЖШС-ның қызметі туралы теріс сипаттағы материалдарды жариялаған.
Ағымдағы жылдың сәуір айында Алматы қ. мейрамханалардың бірінде В. және Н. бүркеме формада «Б» ЖШС қызметіне қатысты теріс сипаттағы материалдарды жариялауды тоқтатқаны үшін Ф.-дан 15 млн. теңге талап еткен. Кейін Ф.-дан соманың бір бөлігін – 5 млн. теңгені алған кезде В. және Н. ұсталды.
Сонымен қатар 2019 жылғы маусымда Н. әлеуметтік желілерге Алматы қ. кофехананың қызметі туралы жағымсыз сипаттағы посттар, фото және бейнематериалдарды жариялап, бұл материалдарды газетке бермеуі үшін аталған нысанның басшысы Д.-дан 500 мың теңге талап еткен. Біраз уақыт өткен соң Н. Д.-дан 200 мың теңге сомасында көрсетілген ақшалай қаражаттың бір бөлігін алады. Бұл сот барысында анықталды.
Сот В.-ны адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде бопсалағаны үшін ҚР ҚК-нің 194-бабы 4 бөлігі 2 тармақшасы мен кінәлі деп танып, оған 7 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады.
Сонымен қатар В. жәбірленуші Д.-ға қатысты эпизод бойынша тағылған айыптау бөлігінде оның іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы дәлелденбеуіне байланысты ақталды.
Н. адамдар тобында алдын ала келісім бойынша бірнеше рет аса ірі мөлшерде бопсалағаны үшін ҚР ҚК-нің 194-бабы 4 бөлігі 2 тармақшасы мен кінәлі деп танылды және оған 8 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.
ҚР ҚК-нің 74 бабының 1 бөлігіне сәйкес кішкентай сәбиінің болуына байланысты жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Алматы қаласы