Талғар аудандық сотының судьясы пара алды деп күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.  Алматы облысы Талғар аудандық сотының судьясы  айтарлықтай мөлшерде  пара  алды деп күдіктелуде. Ол  сот  орындаушысы арқылы кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыс жасаған адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрін өзгерту туралы оң шешім шығарғаны үшін ақшалай сыйақы алған.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Алматы облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *