Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы пара алды деп күдіктелуде. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.    Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясына қатысты қылмыстық іс қаралуда, ол кәсіпкерден миллиардтаған салық берешегі бар екі компанияны банкрот деп тану туралы  заңсыз шешімдер шығарғаны үшін пара алды деп айыпталуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Алматы облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *