Қонаев қаласы сотының төрағасы алаяқтық жолмен ақша алды деп күдіктелуде. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдар жасаған жемқорлық қылмыстарды анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді. Қазіргі уақытта іс бойынша қылмыс туралы кісі өлтіруден хабарламауға дейінгі әрекеттерді қайта саралау туралы мәселені шешу сылтауымен ірі мөлшерде алаяқтық жолмен ақша алды деп күдіктелген Алматы облысы Қонаев қаласы сотының төрағасына қатысты қылмыстық іс тергелуде.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Алматы облысы
![]()
