Дауларды партисипативтік және медиация тәртібі мен шешу, халыққа да, мемлекеткеде тиімді, мемлекет қалаған, дауларды сотсыз шешу рәсімі болып табылады. Мемлекетпен соттардың мақсаты, құқыбұзушылық жасаған адамдарджы адамдарды жаппай соттау емес әрине. Дауласқанша татуласқан абзал деп танылған медиация рәсімін пайдаланған Ұлытау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы, судья Мустафин, Дияз Есенаманұлы, сотқа келіп түскен 200 000 000 теңгенің дауын медиация тәртібі мен шешіп, дауласқан тараптардың келтірген уәждерін сотсыз екі тарапқа ыңғайлы етіп татуластырып келісім бекітті.
Мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарты бойынша міндеттемелерді орындау барысында «А» ЖШС-гі «Б» ЖШС-нен 184 034 640 теңге берешекті өндіріп алу, 17 009 147 теңге тұрақсыздық айыбын және 700 000 теңге өкілдік шығыстарды өндіру туралы талап арызымен, Ұлытау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінген болатын. Іс материалдарынан талапкер тауарды толық жеткізгені және жауапкермен ешбір шағымсыз қабылданғаны анықталған. Алайда жеткізілген тауардың сомасы шартта көзделген мерзімде төленбеген.
Судья Дияз Мустафин, тараптардың құқытарын ескеріп, оларды медиация тәртібі мен келісім бекіту мүмкіндігін айтып, тараптар өзара келісімге келу мүмкіндігін таңдаған соң, татуласу рәсімінің нәтижесінде тараптар өзара тиімді шарттарда медиациялық келісім жасап, келісімді сот бекітіп берді.
Сардар Әбдіжақия
Ұлытау облысы