Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК-нің 120 бабының 4 тармағымен (жас балаға қатысты зорлау) Л.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.
Сот Л. жәбірленуші Н. — ның дәрменсіз жағдайы мен жасын пайдаланып, соңғысымен оның еркіне қарсы жыныстық қатынасқа түскенін анықтады.
Сотта сотталушы Л. кінәсін мойындамады, бірақ оның іс әрекеттері, қылмыстық іс материалдарымен, куәлардың жауаптарымен, сот медициналық сараптама қортындыларымен, жәбірленушінің жауабымен, жәбірленушінің заңды өкілінің жауаптарымен дәлелін тапты.
Сот оған Қазақстан Республикасының ҚК-нің 50 бабының 2 бөлімін қолдана отырып, педагогикалық лауазымдарды атқару немесе кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 20 жылға бас бостандығынан айыруға жаза тағайындады. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсізідігі мекемесінде өтеуге жазаланды.
Абай облысы