Абай облысында ер адам полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы арыз бергеннен кейін жұбайын өлтіруге оқталғаны үшін сотталған.
Отбасылық жанжалдан кейін әйел тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы полиция бөліміне арыз берді. Осы жағдайдан кейін А.-да әйелін өлтіру туралы қылмыстық ниет пайда болды.
А. «Алдымен мен сені өлтіремін, сосын өзім өлемін» деген сөздермен жұбайына кеуде мен мойын тұсына пышақпен соққы жасаған. Сотта А. кінәні ішінара мойындағанымен, ол өлім туралы ойламағанын, тек оған дене жарақатын салғысы келгенін айтты. Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, куәгерлердің айғақтарымен, сот — медициналық сараптаманың қорытындыларымен дәлелденді.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот үкімімен А. ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 99-бөлігі 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы (кісі өлтіруге оқталу) бабымен 8 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын орташа қауіпсіздік ҚАЖ мекемесінде өтеуге жазаланды.
Абай облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *