Бас есепші ақша жымқырғаны үшін сотты болды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады, Шымкент қаласы соттарына сілтеме жасап.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Қ.-ға қатысты қылмыстық іс, ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен (бөтеннің сеніп тапсырған аса ірі мөлшердегі мүлкін иелену және талан-таражға салу) бойынша сараланып, сотқа  жеткен.
Сотта, К. Шымкент қаласындағы жалпы орта білім беретін мектебінің бас есепшісі лауазымын атқарып жүріп, 2021-2023 жылдар аралығында белгіленген еңбекақы сомасынан артық мөлшердегі қаражатты өзінің шотына аударып отырған анықталды.
Нәтижесінде, К. өзіне сеніп тапсырылған 64 295 513 теңге, яғни аса ірі мөлшердегі мемлекеттің ақшасын жымқырған. Қазіргі таңда келтірілген шығын өтелмеген.
Сот К.-ға ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен, өмір бойына мемлекеттік қызметте атқару құқығынан айыра отырып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Іс бойынша берілген талап арыз толық қанағаттандырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енбеген.
Шымкент қаласы
сурет шартты

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *