Республикалық Дерматология ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасары жемқорлық бойынша күдікке ілінді. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Олар медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасқаны үшін халықаралық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының басшысынан 5 млн теңге сомасында пара алу бойынша күдікке ілінді. Соттың санкциясымен Орталықтың басшысы қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Алматы қаласы