А.ж. 11 шілдесінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Түркістан облысында синтетикалық есірткі өндірісі бойынша жасырын зертханасының қызметін тоқтатты.

Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді.

Есірткі құралдарының кезекті партиясын дайындау кезінде 2 жергілікті тұрғын ұсталды.

60 кг-нан астам психотроптық зат және 2,5 тонна прекурсорлар, сондай-ақ «синтетика» дайындауға арналған жабдықтар алынды.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде (көрсетілген қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған).

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.
Түркістан облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *