Шетел азаматы қылмысы үшін жазасын алды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады Шымкент соттарына сілтеме жасап.
Шымкент қаласында Сотталушы С.-ға ҚК-нің 380-бабының 3-бөлігімен /билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты денсаулығына қауіпті емес күш қолдану/ айып тағылып, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды.
Шет ел азаматы С. 2024 жылдың 4 маусымы күні Шымкент қаласында құжатсыз жүргені себепті тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды қабылдау және тарату мекемесінің №7 камерасына орналастырылып, камерада кезекші инспектор Ш.-ның сол жақ жағы аумағына оң қолы жұдырығымен ұрып құлатып, мекемеден қашпақ болған.
Сотталушы С. ҚР ҚК-нің 380-бабының 3-бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енбеді.
Шымкент қаласы