Сот алқасы шешім етті: баланың өліміне күдікті қамауда болады. Бұл туралы Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы жол-көлік оқиғасын жасап, кәмелетке толмағанның өліміне күдікті (Қылмыстық кодексінің 345-1 бабының 3-бөлігі) «И.»-ға қатысты бірінші сатыдағы соттың үй қамағына алу туралы қаулысының күшін жойып, 2 айға «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
Сот алқасымен анықталғаны:
— көрсетілген баптың санкциясы 5 жылдан астам бас бостандығынан айыруды көздейді;
— медициналық куәландыру сараптамасы қорытындысына сәйкес жол-көлік оқиға кезінде күдікті жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйде болған;
— салдарынан бала қаза тапты;
— жазадан қашу мақсатымен, қылмыстық қудалау органынан жасырынып, қылмыстық процеске қатысушыларға ықпал ету (көндіру) арқылы істі тергеуге кедергі келтіруі мүмкін.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.
Ақмола облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *