Адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша іс қаралды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады, Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2024 жылғы 2 қыркүйекте Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Д.-ға қатысты психотроптық заттың аналогын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау және кінәлі адамға жүктiлік жағдайда екенi көрінеу белгiлi әйелдi өлтіруге оқталу фактісі бойынша ҚР ҚК 296-б. 2-б., 24-б. 3-б. – 99-б. 2-б. 4) т.) қылмыстық істі жабық сот отырысында  қарады.

Сот іс бойынша жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды (кінәні ішінара мойындауын, соттылығының болмауын, кәмелетке толмауын, оң мінезделуін) және қылмыс жасауды ауырлататын мән-жайды – қылмысты есірткіден масаң күйде жасауын ескере отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша, жазаны ішінара қосу арқылы түпкілікті кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеумен 9 жыл 5 күнге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Жәбірленуші К.-ның талап қоюы ішінара 7 000 000 теңге сомасында сотталушының заңды өкілінен өндірілумен қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Павлодар облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *