Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін сотталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады, Солтүстік Қазақстан облысы сотына сілтеме жасап.
Петропавл қалалық сотында Қ-ның денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін С.-ға қатысты қылмыстық істі қарап, С., Петропавл қаласында N4 орта мектеп» КММ-нің аумағында бола жүріп, Қ.мен өзара төбелесіп, соңғысының, іш қуысына пышақпен әдейі соққы беріп, оның денсаулығына асқазан мен ұйқы безіне зақым келтіріп, іш қуысына пышақ жарақатын алу түрінде ауыр зиян келтіргенін анықтады.
Сот үкімімен С., ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімдердің жиынтығы бойынша С.-ға 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесінде өтеу туралы үкім шығарылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы